Алматыда тағы төрт адам менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Жалпы ақ халаттыларға қаралғандар саны 51-ге жетті. Оның ішінде 21 азаматта менингококк инфекциясы анықталған. Он бесінде расталмады. 11 азамат дәрігерлер бақылауында. Айта кетейік, Алматыда менингит ауруы сәуір айынан бастап дендей бастаған. Осы уақытқа дейін дәрігерге 47 тұрғын жүгінсе, оның он бесінде бұл дерт анықталыпты. Аталған сырқат 3 адамның өмірін қиды. Оның біреуі бала болған.