Мереке күніне орай алматылықтар «Кемел келешек кілті» атты деректі фильмді тамашалады

04.12.2017 22:59

Тұңғыш президент күніне орай алматылықтар «Кемел келешек кілті» атты деректі фильмді тамашалады. Туынды қаланың барлық аудандарында ел назарына ұсынылды. Онда тәуелсіздік алған уақытқа дейінгі қазақстан мен егемендік алғаннан кейінгі кезең көрсетілген. Биыл 6-шы рет тойланып жатқан атаулы датаға Алатау және Наурызбай ауданы ерекше дайындалыпты. Салтанатты шараларға қатысқан жастар елбасыға жүректен шыққан өлең шумақтары мен әндерін паш етті.

«Әбішұлының еңбегі біздің Қазақстанда өте жоғары деп білеміз. Ол кісінің алғашқы алғы Семей полигонын жабуы бұл дүниежүзіне Қазақстанды әйгілі етті»,-деді Алматы қаласы Алатау ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы, Құдайберген ҚАБДОЛДИН.

Сондай-ақ, Түрксіб, Жетісу және Бостандық аудандары да «Тұңғыш Президент» күніне орай мерекелік шаралар ұйымдастырды. Белсенді жастар күмбірлетіп күй төгіп, мың бұрала билеген бүлдіршіндер халықтың ыстық ықыласына бөленді. Түрксіб ауданының тұрғыны, суретші Болат Хамзин он саусағынан шыққан туындыларды елбасы күніне арнауды жөн санапты.

«Мұнда менің 30 шақты туындым қойылған. "Астана бейнесіндегі жас Президент" деп аталатын туындым еліміздің рекордтар кітабына енген болатын. Содан бері мен еліміздің тарихын, салт-дәстүрін, ауыл тынысын бейнелеуді қолға ала бастадым»,-деді ҚР суретшілер одағының мүшесі, Болат ХАМЗИН.