Енді Telegram-бот қазақ тілінде қызмет көрсетеді

13.09.2018 19:00

Тан Қазақстандық Тимур Бехер Telegram  мобильді қосымшасының  интерфейсін қазақ тілді қолданушыларға ыңғайлап жасап шықты. 

Ресейлік ЖОО түлегі 24 жастағы Тимур Бехер өзінің серіктерімен қазақ тілді қауымның  Телеграмды кедергісіз қолдануы үшін интерфейсті қазақшалауды қолға алған. 

Бұған дейін мобильді қосымша интерфейсінің 13 тілді нұсқасы бар болатын. 

«Қазақстандықтар үшін өте қолайлы мобильді қосымшаның қазақ тілді интерфейсінің болмауы мен үшін түсініксіз жайт. Елімізде қазақ тілін дамытуға байланысты көптеген жұмыс атқарылып жатыр, сондықтан біз Телеграмды қазақшалауды жөн деп таптық.  Өзім қазақ тілін жетік меңгермегендіктен аудармашы жалдадым. Жұмыс осымен бітті деп айта алмаймын, мобильді қосымша уақыт өткен сайын жаңарып отырады. Тиісінше қолданысқа жаңа сөздер енеді», - деді Тимур Бехер. 

Жоба авторының айтуынша, қазақша Телеграмда қателіктер болуы мүмкін. Сондықтан,  қолданушылар тарапынан ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда скрин-көшірмені @qz_gram дайректіне жолдай алады. 

Телеграм қолданушылары өз мессенджерін қазақша интерфейске ауыстыру үшін файлды @QazTransBot ботынан жүктеп алып, нұсқаулық бойынша орнатуы тиіс. Қазақтілді нұсқа iOS және Android платформаларында қолжетімді. 

Telegram-region мәліметінше, Телеграм мессенджері Қазақстанда ең көп жүктелген мобильді қосымшалардың бірі. Әр күн сайын әлемде аталған мессенджер қолданушыларының саны жарты миллион адамға артып отырады.