Қазақстандықтардың маңдай термен тапқан қаржысы қайтарылуы мүмкін

31.05.2017 17:11

Қазақстандықтардың маңдай тер, табан етпен тапқан қаржысы қайтарылуы мүмкін. Бұл Үкімет отырысында өткен жиында белгілі болды. Соңғы уақытта бұқараның назарын аударған аталмыш жағдай қатаң бақылауда. Осыған орай, Қаржы Министрі Бақыт Сұлтанов үкімет басшысына мәселені  бүге шүгесіне дейін таныстырды. Айтуынша, Әзірбайжанның банкіне кеткен  зейнетақы қорын қайтарудың бірнеше жолдары бар. Тіпті, көрші елдегі арнайы өкілмен байланыста орнатылыпты.

«Мен осы жағдайды бақылауына алған Әзірбайжанның Қаржы Министрімен сөйлестім. Манаттың құнсыздануына орай,  Әзірбайжанның Халықаралық Банкі кредиторлардың алдында жауапкершілікпен жұмыс істемей отыр. Бұл жағдай қатаң бақылауда»,- деді ҚР қаржы министрі, Бақыт СҰЛТАНОВ.

Еске сала кетейік, мамырдың 23 күні  Лондонда Әзірбайжанның Халықаралық банк кредиторлары бас қосқан болатын. Дәл сол кезде екінші тарап Қазақстанға қомақты қаржыны қайтарудың бірнеше жолын сілтепті.