Ұлттық экономика министірі Тимур Сүлейменов: мемлекеттік қарыз 25 пайыздық көрсеткішпен орта деңгейде

Ұлттық экономика министірі Тимур Сүлейменов: мемлекеттік қарыз 25 пайыздық көрсеткішпен орта деңгейде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің квазимемлекеттік секторындағы сыртқы қарыз азайып, байларға салынатын салық көлемі көбеюі мүмкін. Осылай деген Ұлттық Экономика министрі Тимур Сүлейменов бүгін халық алдында есеп берді. Министр, криптовалюта мен блокчейнға қатысты не істеп жатқандарында айта кетті.

Жазғы демалыс алдында мінбердегілердің біразы есеп беру кештерін жиілетті. Дәурен Абаев пен Қалмұманбет Қасымовтың артынан іле-шала Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жыл бойғы жұмысына тоқталды. Алдымен ел аузынан түспейтін Қазақстанның сыртқы қарызын сөз қылды. Министрдің мәліметі бойынша, мемлекеттік қарыз 25 пайыздық көрсеткішпен орта деңгейде. Ал квазимемлекеттік мекемелердің борышы жалпы ішкі өнімнің 27 пайызын құрап отыр. Сондықтан министрлік аталмыш берешекті азайтуға күш салмақ.

«Квазимемлекеттік қарыз бойынша Елбасы өткен жылы тапсырма берген. Ең алдымен келісім қажет. Яғни, мемлекеттік органдардың ұсынысы жан-жақты қарастырылып, сырттан қарыз алу қажет пе? Мүмкін ішкі қордан қаржыландыруға жағдай жетер деген тетіктерді қарастырып отырмыз. Нақты шешімді арнайы комиссия қабылдайды. Квазимемлекеттік қарыз жыл соңына дейін 27 пайыздан, 25,1 пайызға түсуі тиіс»,-деді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ.

Жиында шенді «Байлыққа салынатын салық» мәселесінде қозғап өтті. Оның айтуынша, ол жан-жақты қабылданатын ұғым. Бұл ең алдымен әл ауқатты ортаның жауапкершілігін арттырып, баюға мүмкіндік берген елге алғыс ретінде табысыңмен бөлісу. 2014 жылдан бері қабылданған заң бойынша, әзірге «қымбат көлікке» салынатын салық іске қосылған. Яғни, қозғалтқыш көлемі 3 литрден асатын көлікке белгіленген төлем 35 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Бұдан бөлек ағзаға зиян шылым, алкоголь өнімдері жарнамасына көрсетілген салықта жоғары. Алдағы уақытта, қымбат мүлік, зәулім үйлерге салынатын салық жүйесі енгізілуі ықтимал. Бірақ Тимур Сүлейменов нақты қашан екенін айтпады.

«Байлыққа салықты табыстан емес, жеңіл рәсімделетін бағытқа қарай ауыстыру керек. Мемлекеттік органдарда тізімде тұрған дүниелер болуы мүмкін. Мысалы, нысандар, жер телімдері. Дегенмен, асықпай келу керекпіз. Әзірше халықаралық тәжірибелерді қарастырып жатырмыз. Бұл жылы ешбір өзгеріс болмайды»,-деді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ.

Блокчейн мен криптовалютаға қатысты ведомство басшысы,  Қазақстан аталмыш бағыттағы қадамдарын ағымдағы жылдың екінші шенінде күшейтетінін атап өтті. Министр осы бағытта Қаржы министрлігі, Астана халықаралық қаржы орталығымен біріге тығыз жұмыс жасап отырғанына тоқталды. Криптовалюта да халықаралық тәжірибе аз. Осыған орай, тиімді тұстар зерттеліп жатыр.

Назым Мәлікқызы, Ерсұлтан Қозыбағаров Алматы телеарнасы Астанадан.


Новости партнеров