Алматыда «Назарбаев моделі» кітабының қазақ тіліндегі нұсқасының тұсауы кесілді

Алматыда «Назарбаев моделі» кітабының қазақ тіліндегі нұсқасының тұсауы кесілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Назарбаев моделі» кітабының қазақ тіліндегі нұсқасының тұсауы кесілді. Авторлардың айтуынша, кітапта оқиғаларды талдау барысында заманауи басқару мектебінде көпшілікке танымал «Кейс әдістемесі» бірінші рет кеңінен қолданылған. 1921 жылы гарвард университетінің бизнес-мектебінде әзірленген кейс - саяси, экономикалық, әлеуметтік өмірдегі нақты проблемаларды талдау және тәжірибелік басқару шешімдерін дайындауға бағытталған интерактивтік оқыту техникасы. Яғни, кітапта қазақстандық күре жолдың негізін қалаған еліміздің тұңғыш президентінің басқару шешімдері яки алгоритмдері нақты оқиғалармен және мысалдармен ашылады. Кітап ғалымдар, саясаттанушылардан бастап мектеп оқушысына дейін түсінікті әрі қызықты болмақ дейді мамандар.

«Кітапты әр қазақстандық әсіресе біздің студенттер жете танысса деген ойымыз бар. Өзінің тарихыңды біл, өзінің мемлекеттік құрылысын біле отырып, тек жастар емес әр қазақстандық әрі қарай да өзінің мына санасында мемлекетіміз қандай, мемелекетіміздің болашағы қандай, мемлекетіміз қандай құрылымдардан тұрады, мемлекетіміздің даму принциптері қандай деген сұрақтарға жауап ала алады»,-деді әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, Ғалымқайыр МҰТАНОВ.

Кітап авторлары: Махмұт Қасымбеков, Бақытжан Темірболат, Тимур Шаймергенов. Еске сала кетейік, елбасы кітапханасының «Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі жобасы ҚР тұңғыш президенті күні және тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Алматыда көшпелі қор көрмесімен ашылған болатын. Онда ел президентінің жеке архиві, жеке кітапханасы және музей қорының жәдігерлері қойылған. Көрме Қр Орталық мемлекеттік мұражайында 2018 жылдың 14 қаңтарына дейін ашық болады. 


Новости партнеров