Алматыда қала активінің жиынында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылады

14.04.2017 20:02

Алматыда жыл аяғына дейін 70-ке жуық жекеменшік балабақша ашылады. Мемлекттік бюджет қаржысына 6 мектепке дейінгі мекеме бой көтермек. Сөйтіп, қалада білім беру саласына баса назар аударылмақ. Бөбекжай мен мектептерде үш тілділік саясаты сақталған әрі латын қарпі күнделікті өмірімізге дендеп кіріп келеді. Осының бәрі әліпбиді оңтайлы өзгертуге үлкен алғышарт. Мұндай пікірді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылауға арналған қала активімен өткен жиналыста білдірді.

Елбасы мақаласындағы туған жерді құлай сүюге арналған  тарауында түйсігі бар жанға терең ой салады. Ол  ұлттық салт-дәстүр, тіліміз бен музыка, әдебиетіміз сынды өзгеде жоқ өрлікке бастайтын ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс деді. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бұл бағдарламаны іске асыруда алматылықтардың алар орны ерекше болады деп сенетіндігін айтты.

«Туған жер» бағдарламасы азаматтарымыздың өзінің кіндік қаны тамған, өсіп-өнген жерін көркейтуге деген талпынысын қолдауға, қолындағы бар әлеуетін туған ауылының, қаласының игілігіне жаратуды жүйелеуге шақыратын жоба. 2015-2016 жылдары кәсіпкерлердің қолдауымен қала аулаларында 100-ден астам «спорт алаңқайлары» ашылып, 10 шақты үлкен балабақша салынды. Мемлекет пен жеке әріптeстік қағидасымен 600 оқушыға арналған заманауи талаптарға сай жайлы мектеп тұрғызылды. Тағы біреуінің құрылысы аяқталмақ. Қайырымдылық көмек, меценаттық қолдау қаншама. Осының бәрі түптеп келгенде елге деген перзенттік маһаббатпен тығыз байланысты»,- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК. 

Сонымен қатар, елімізде білім беруге ерекше көңіл бөлінеді. Алматыда 91 жылдары қазақ және орыс тіліндегі балабақша саны 18 ғана болса, оның саны 157-ге жетті. Жалпы, қазір қалада 570-тен астам мектепке дейінгі мекемеде 58 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Оған қоса, алып шаһарда мектеп саны да ұлғайып келеді.

«Алматыға қоныс аударғанымызда ұлдарымды бөбекжай кезегіне қайта тұрғызуым керек еді. Сөйтіп, жекеменшік балабақша іздедім. Былтыр біз келгенде мына орында да жаңадан ашылып жатты. Ойланбастан балаларымды осы жерге орналастырдым. Өзіме де, ұлдарыма да ыңғайлы»,- деді Қала тұрғыны, Зифа КИБИРОВА. 

Ал, былтырдың өзінде қалада 175 бөбекжай ашылыпты. Дені - кәсіпкерлердің қолдауымен қолданысқа берілген. Биыл да мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны көбеймек. Жыл аяғына дейін 70 жекеменшік бөбекжай ашу көзделсе, тағы алты мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме бой көтереді. Ал, мектеп саны да қалыс қалмайды.

«Мектеп саны да 7-ден 65-ке дейін ұлғайып, ал ондағы бала саны 11 мыңнан 104 мыңға дейін, яғни 10 есеге өсті. Қаламызда жастардың барлығы дерлік қазір ағылшын тілін оқиды. Латын әрпі өмірімізге күнделікті дендеп кірді. Осының бәрі әліпбиді оңтайлы өзгертуге нақты мүмкіндіктер береді»,- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК. 

Елімізде үш тілділік саясатына ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан, баланы жастайынан ана тілі, орыс және ағылшын тіліне үйрету ерекше маңызға ие. Бұл тұрғыда мемлекет басшысы мақаласында латын әліпбиіне көшу қажеттілігін атады. 

«Қазақ халқы 100 пайыз орыс тілін білетін халық. 7 мың километр шекаралас халық ол ешқайда кетпейді. Тарихы ортақ ұлы ел Ресейден ешқайда кетпейді. Тек қана бетін өзінің ағайындарына латын әрпімен сөйлейтін жазатын түркі әлеміне бұрды дегіміз келеді. Өйткені мынау тұрған қырғыздар, өзбек, түрік, тәжіктер бәрінен де жақын»,- деді Жазушы, Смағұл ЕЛУБАЕВ. 

«Президент ұсынған жобалардың барлығы латын әліпбиіне көшу білім саласының сапасын арттыру Туған жер бағдарламасы толып жатқан бағдарламалар іске асуында ұстаздар қауымы алдыңғы шепте жүретініне күмәнданбаңыздар»,- деді ҚР Білім және ғылым министрі (2002-2003ж), Шәмшә БЕРКІМБАЕВА. 

«Мақаладағы тағы бір үлкен жоба - ол жаңа гуманитарлық білім. Оның ерекшелігі әлемнің озық, заманауи және таңдаулы үлгілері негізінде жастарға сапалы білім беруді көздеуінде»,- ҚР Білім және ғылым министрі, Шәмші БЕРКІМБАЕВА. 

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқуылық жобасы еліміздің білім беру жүйесінің жаңа бір сапалық деңгейге көтермек. Жоғары білім бағдарламасына жаһандық әлеуметтік мәдени саяси даму үдерістерін зерделей отырып одан озық тәжірибе алуға мүмкіндік беретін ғылыми әдебиеттер қатарын толықтыруымыз қажет»,- деді Алматы қаласының әкімі, Алматы қаласының әкімі»,- Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК. 

Мақалада Елбасы осы ұлы мақсатқа қол жеткізудің, яғни рухани жаңғырудың басты 6 құрамдас бөлігін ұсынды. Олар - Бәсекелік қабілетке ие болу, қанағатшылдыққа, ұстамдылыққа сүйенген, даңғойлықтан мүлдем алыс шынайы Прагматизм, Ұлттық бірегейлікті сақтау, Білімнің салтанат құруы, Елдің эволюциялық жолмен дамуы және Сананың ашықтығы. 

«Өте терең ойлар келтірген мақаласын талдап отырмыз. Бұл біздің 25 жылдан кейін жаңа этапқа көшуіміздің басы.  Сондықтан, бұл жерде барлығы талқыланған. Біздің өткен жолымыз, көрген қиындықтарымыз, тіпті көрген қорлықтарымызға дейін жазылған. Білімді, ақылды,  жүрегі таза, халқын сүйетін адамдар ғана басқару жүйесіне ену керек»,- деді ҚР ҰҒА президенті, Мұрат ЖҰРЫНОВ.  

Қоғам қайраткерлері болашақпен қатысты мақаламен жастардың етене танысуы қажет деді. Енді, мақаланы қала тұрғындарына түсіндіру жұмысы жүйелі өткізілу үшін арнайы желілік кесте әзірленетен болады. Себебі, оны жүзеге асыруға бүкіл ел болып атсалысу міндеті тұр. 

Перизат Көмекбайқызы, Рашиддин Якупов, «Алматы» телеарнасы