Батыс Қазақстанда ақбөкендер аштықтан қырылып жатыр

27.03.2018 21:02

Жылымықтан соң қайта аяз түсіп, ақбөкендердің қырылуына әкеп соқты – деп хабарлайды sputniknews.kz.

Басылымның жазуынша, 21-22 наурызда Ақжайық ауданы Чапаево ауылы төңірегінде ақбөкендерге қолайсыз ахуал туындаған.

"Күн күрт жылынып, кейін қайта аяз түскен соң, айнала мұз болып қатып, жас ақбөкендер қар астынан қорегін қазып ала алмайды. Соның салдарынан екі күн ішінде жеті бас ақбөкен қырылған", — деді облыстың орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтың инспекциясының басшысы Қайрат Қатешев.

Орманшылар жануарларға шөп беріп көргенімен, ақбөкендер жақындамайды екен.

"Сонымен бірге қамысқа қарай бастайтын соқпақ салынды, әлі құрып ашыққан ақбөкендер жайылымдарға жетіп, сол жерде қоректеніп жүр", — деді инспекция басшысы.