Ерлан Сағадиев өзіне қатысты айтылған ақпараттарға сенбеңдер деп бейне үндеу жариялады

Ерлан Сағадиев  өзіне қатысты айтылған ақпараттарға сенбеңдер деп бейне үндеу жариялады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ешкімге сенбеңдер! Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев  өзіне қатысты айтылған ақпараттарға сенбеңдер деп бейне үндеу жариялады. Министр, мамандықтар классификаторынан «Қазақ тілі», «Қазақ əдебиеті», «Қазақ тарихы», «Лингвистика», «Шығыстану» сынды мамандықтарды жоғары оқу орындарынан алып тастағаны туралы, «Серпін» жобасының жұмысын тоқтатып, еліміздің ЖОО-да ежелгі қазақ тарихы кафедраларын жауып, осы пəннің жүргізілуін доғарғаны туралы ақпаратты жоққа шығарады. Бұған дейін Серік  Қирабаев, Айгүл Ісмақова, Рәбиға Сыздықова, Мәмбет Қойгелді сынды оншақты академик-ғалымдар Үкімет басшысының атына  білім және ғылым министрлігі тарапынан жасалған жұмыстарға шағымданған еді. Тіптен, министрдің Әліппені  жауып, орнына сауат ашу туралы пән енгізгені Паралмент мәжілісі депутатарының да ашуын туғызған болатын. 

«Бүгінгі күні ақпарат желісінде БҒМ қазақ тіліне зиян келтіретін бірнеше жобаларды іске асырып отыр деген сөздер пайда болды. Тікелей министрдің тапсырмасына сәйкес, «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақ тарихы» жоғары оқу орныдарынан жоғалады деп отыр. Оның бәрі жалған сөз. Мен ондай тапсырма берген жоқпын, ондай ойым  жоқ. Жоғарғы білім саласында мамандықтардың классификаторлары өзгерген жоқ"»,- деді ҚР Білім және ғылым министрі, Ерлан САҒАДИЕВ.

Сағадиев «Серпін» бағдарламасының да тоқтатылмағанын айтты. Ал  өмірін ғылымға арнаған ғалымдар  қазақ тілі, қазақ әдебиеті, әдебиеттану, тілтану,  ежелгі, орта ғасыр, Алаш кезеңі, советтік кезеңдерді қамтитын қазақ тарихын,  түркология, шығыстану сынды мамандықтар қамтылған классификациясының ресми жариялауын  күтеміз деп отыр.  

Новости партнеров