Студенттер жатақханасы құрылысына 118 млдр теңгеге жуық қаражат бөлінеді. Бұл мәліметпен Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова бөлісті. Вице-министр аталмыш сома нақты емес, тек алдын ала есептің көрсеткіші - дейді. Алдағы уақытта сандар өзгеруі де ықтимал. Сонымен қатар, құрылысқа кететін шығын тәлімгерлердің оқу бағасына әсер етпеуі тиіс.
«Құрылысқа бағытталатын шығындар мен жобаға қажет қаржыны не жоғарғы оқу орны, не банк, не студенттер өтемейді.Оған жауапты мамандар, департамент жұмысқа кірісіп, барлық істі бақылауда ұстап отыратын болады», - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл АСЫЛОВА.