Алматыда алаяқтар абитуриенттерді 32 млн теңгеден астам қаржыға тақырға отырғызды

30.06.2017 16:09

Жоғарғы оқу орындарының атын жамылған жалған қызметкерлер абитуриенттерді 32 миллион теңгеден астам қаржыға тақырға отырғызды. Алматыда күдікті алаяқтар қазақстандықтарды тегін оқуға түсіріп немесе грант алуға көмектесуге уәде еткен. Бұл істің мән-жайын қалалық сот айтып берді. Алмалы аудандық сотында Бейбітхан Ұзақбаев пен Алия Махабаеваға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар Қылмыстық кодекстің 190-шы бабы 2 бөлігі «Алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған алаяқтық» және 190-шы бабы 3 бөлігіне сәйкес «ірі көлемдегі алаяқтық» бойынша айыпталып отыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қос азамат 2008 - 2017 жыл аралығында еліміздегі түрлі оқу орындарының атын жамылып, жұртты алдап келген.

«Ұзақбаев пен Махабаева өздерін еліміздегі бірнеше жоғарғы оқу орындарының қызметкерлері деп таныстырған. Зардап шеккендерге өздерін немесе олардың туыстарын сырттай бөлімге, тегін оқуға түсіругі немесе грант алуға көмектесуге уәде берген. Тіпті емтихандарды жақсы тапсыруға, дипломды қорғау және алуға, тесттілеуден өтуден ақылы түрде көмектескен. Істің материалы бойынша сотталушылар 32,7 миллион теңгеге шығын келтірген», - деді қалалық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Диас МАХАМБЕТОВ.