Мұхтар Әбілязовтің ісіне қатысты сот отырысы Алматыда бүгін өтеді

Мұхтар Әбілязовтің ісіне қатысты сот отырысы Алматыда бүгін өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мұхтар Әбілязовтің ісіне қатысты сот отырысы Алматыда 17 наурызда өтетін болды. Сот тыңдауы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сағат 10.00-де басталмақ. Күдіктілерге жымысқы әрекеттерін жасау үшін қылмыстық ұйым құрды және бөтеннің мүлкін иемденіп жаратты, заңсыз жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастырды және өкілеттігін теріс пайдаланды деген айыптар тағылып отыр. Тергеу барысында 1 жарым  триллион теңге шығын келгені анықталған. Істе 2 224 том болса, айыптау тізімінде 205 куәгер бар. Осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі жымқырылған қаражаттың халықтың зейнетақы жинағы екені дәлелденгені хабарлаған еді. Еске сала кетейік, 2017 жылдың 2 ақпанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жауап алу үшін Мұхтар Әблязовті Астанаға шақырған болатын. Ұлттық бюро "БТА Банк" АҚ бұрынғы топ-менеджменті Әблязовқа, Жарымбетовке және өзгелерге қатысты қылмыстық істің соталды тергеуін жалғастырып жатыр. Тергеу барысында Антикоррупция қызметі Әблязов пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің қосымша дәлелдерін тапқан болатын. Онда банктен қаражатты жымқырудың жаңа нұсқалары ашылған.

Новости партнеров