Мұнай контрабандасымен айналысқандардың ішінде радикалды діни ағымға бет бұрған азамат болған. Жақында Ақтөбе облысында орын алған арнайы операцияның мән-жайын экономикалық тергеу қызметі мәлімдеді. Арнайы операция барысында 100 тоннадан аса дизель отыны табылып, 4 адам тұтқындалды. 12 мекен-жай бойынша тексеру жүргізіліп, қаржы, қару мен оқ дәрілер және діни әдебиеттер әшкереленген. Сондай-ақ сұйық отын сақтайтын 10 резервуар анықталған. Қазір тергеу жалғасып жатыр. Айта кетсек, 16 мамырда Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Қызылорда, Тараз және Шымкент қалаларында да тұтқындау процесін жүргізген еді. Мұнай контрабандасымен айналысқан 8 күдікті ұсталған болатын. Олардың арасында қылмыстық мұнай бизнесін ұйымдастырған Қызылорданың көлік прокуроры Нұрлан Серікпаев та бар.