Мұнай өндірісі қысқармақ

Мұнай өндірісі қысқармақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мұнай өндірісі қысқармақ. Яғни мұнай өндіру көлемін қысқарту туралы келісімшартты барлық мұнай экспорттаушы Елдер Ұйымына мүше мемлекеттер орындайтын болады. Қысқартудың алғашқы сатысынан-ақ ұйым құрамына кірмейтін кейбір елдерде қиындықтар пайда болған. Соған қарамастан мұнай өндіруді азайту шаралары жүзеге асады. Бұл туралы мұнай экспорттаушы елдер ұйымының бас хатшысы Мохаммед Баркиндо мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы екі айда Ресей мен басқа да мұнай экспортёрларының қатысуымен болған қысқартудан кейін нарық ахуалы түзеліпті.

«Біз болашақтан көп үміт күтеміз, қиындықтар артта қалды. Ендігі ең ауыры - тұғырнаманы бекіту. Сондай-ақ мен ұйымға мүше емес елдерден жағымды белгілер аламыз деп айта аламын», - деді ОПЕК бас хатшысы Мохаммед БАРКИНДО.

Келісімшартқа сәйкес, мұнай экспорттаушы елдер ұйымы биыл 1 қаңтардан бастап өндірісті күніне 1 миллион 200 мың баррельге дейін қысқартуға келіскен. Бұл сегіз жыл ішінде алғаш рет орын алып отырған көрінеді. Ұйымға кірмейтін Ресей мен тағы басқа 10 мемлекет мұнай өндірісін күніне 600 мың баррельге дейін қысқартуға шешім қабылдапты. Бас хатшының сөзінше, қаңтар айында, ұйым құрамындағы барлық елдер келісімнің шарттарын 90-94 пайызға орындаған екен. Ал ұйымға мүше емес мемлекеттердің бұл көрсеткіші аздап төмен. Сондай-ақ Баркиндо мұнай нарығы Иран, Ливия және Нигерия сияқты үш елдің мұнайының әрбір барреліне мұқтаж екенін және өндірісті қысқартпауларын айтты.

«Біз бұл елдердің мұнай өндіруші кәсіпорындарын қайта жасақтап, нарыққа оралады деп сенеміз. Себебі қазіргі нарық олардың әрбір барреліне тәуелді», - деді ОПЕК бас хатшысы Мохаммед БАРКИНДО.


Новости партнеров