Мұнайдың арзандауы төл валютамызға кері әсер етуде. Теңге долларға шаққанда қарқынды түрде құнсызданып келеді. Қазақстан қор биржасында өткен сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 1 доллар 327 теңге 41 тиын болып жабылды. Ал, жалпы көлемі 115 миллион 300 мың доллар саудалаған. Айырбас пункттерінде көк қағаз 327 теңге 5 тиынға бағалануда. Осылайша бір күнде ұлттық валютамыз 1 теңге 13 тиынға әлсіреген. Айта кетейін, 2016 жылдың қарашасынан бері алғаш рет мұнайдың баррельі 45 долларға арзандады. Кез келген мемлекет үшін ұлттық валюта - тұрақтылықтың кепілі. Сондықтан көрермендерімізді төл валютамыздың тағдыры не болмақ деген сауал мазалайтыны белгілі. Жалпы еліміздің экономикалық климаты қалай бағалануда?
«Доллар бағасының өсуіне, теңгенің құнсыздануына әсер етіп жатқан жайттар соңғы уақытта, ол ең біріншіден, мұнай бағасының тұрақсыз болуы. Яғни, мұнай бағасы қаншалықты өсетін болса, біздің мұнайға тәуелді мемлекеттердің валюта қоры, валюталық жүйесі де соншалықты әлсірей береді. Біз мұнайға тәуелді екендігіміз белгілі. Сондықтан дедолиризация процессін жүргізбейінше, біздің елдегі валютаның тұрақтылығы тұрақсыз күйде сақтала береді. ОПЕК-тің мына соңғы тоқсандағы жиналысында, яғни мұнай бағасын тұрақтандыру мәселесі бойынша біраз келісімдерге келген болатын. Бірақ ол келісімге қарамастан, мұнай бағасы құлдырауда. Оған бірінші әсер етіп жатқан жағдай, АҚШ жылына емес, күніне 900 мың баррель мұнай өндіруі. Яғни, бұрғылау себеп болып отыр. АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары, сонымен қатар, федеральды резерв жүйелердің ставкаларын көтеруі әсер етіп отыр», - экономистдедіі Дидар ҚАНАТҰЛЫ.