|
09.08.2018 | 19:05
5145

Алматыда қоқыс сұрыптау кешені тестілеу режимінде іске қосылды

Алматыда қоқыс сұрыптау кешені тестілеу режимінде іске қосылды

Алматыда көптен күткен қоқыс сұрыптау кешені тестілік режимде жұмысын бастады.  Инвестициялық компания басшылығының айтуынша, жобаға 5 млрд 400 млн теңге қаржы кеткен.

Кешен нақты сызба бойынша жұмыс істейді, соның арқасында тұрмыстық қатқыл қалдықтардан шикізат өндіруге болады екен. Қаладағы тұрмыстық қалдықтар барлық коммуналдық қоқыстың 95 пайызын құрайтынын ескерсек, аталмыш кешеннің ашылуы – Алматы үшін өте маңызды.  

«Кешеннің өнімділігі жылына 550 мың тоннаны құрайды. Бұл Алматының қатқыл тұрмыстық қалдықтарының жалпы көлемі және алдағы бес жылдық та ескеріліп отыр. Қазіргі кезде мегаполисте жылына 600 мың тоннаға жуық қоқыс жиналады, біз тұрмыстық қатқыл қалдықтарды сұрыптауда қаланы толық қамтымақ ойдамыз», – дейді инвестициялық компания директоры Дмитрий ДАНИЛЬЧЕНКО.

Пайдалы шикізат алу үшін қоқыс өңделер алдында сұрыпталады. Яғни, қоқыс құрамындағы ірі заттар, түрлі түсті және қара металдар, әйнек пен пластик ажырайды. Қалдықтың жалпы көлемінен 50 мың тоннаға жуық екінші шикізат алу жоспарланған. Алынған екінші шикізат одан ары өңделу үшін өзге өндіріс орындарына жіберіледі.

Айта кетейік, осы қоқыс сұрыптау кешенін ашу арқылы 530 жаңа жұмыс орны пайда болады.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир