Астана тұрғыны елшіге қастандық жасалғалы жатқанын хабарлады

06.09.2018 21:01

Астана тұрғыны полицияға хабарласып, шетелдік елшіге қастандық жасалатынын айтқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана ІІД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бұзақылық пиғылмен полицияға жалған ақпарат таратқан жергілікті тұрғынды ұстады. Күдікті шет мемлекеттің елшісіне қастандық жасауға дайындық жүріп жатқанын хабарлаған.

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.