|
29.03.2018 | 17:25
3594

«Жас Отан» жастар қанаты IV съезі аясында гала-форум өткізілді

«Жас Отан» жастар қанаты IV съезі аясында гала-форум өткізілді

Астанада «Жас Отан» жастар қанатының ІV съезі 1500-ден артық жастардың басын қосты. ЭКСПО көрмесінің Конгресс орталығында өткен «Жаңа әлемге жол саламыз» атты шарада өз саласында белгiлi биiктердi бағындырған, қоғамның дамуына үлес қосқан жас қазақстандықтар қытысып, жетiстiкке жету жолдарымен бөлісті. Жиналған жас буынға ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев та ерекше көңіл бөлетіндігін жеткізіпті. Осы орайда, Елбасының болашақ көшбасшыларға арналған үндеуін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова оқып берді.

«Сендер елiмiздiң ертеңi ғана емес, мен айқындаған мақсаттарды жүзеге асыратын буынсыңдар. Мен сендердi белсендi түрде жан-жақты дамуға, спортпен, өнермен айналысуға, шет тiлдердi үйренуге, отандық және әлемдiк әдебиеттiң терең мұраларын танып, бiлуге, ең бастысы әрқайсың өз салаларыңда әлемнiң ең озық мамандарымен иық тiрестерiп, қатар тұра алатындай деңгейге көтерiлуге шақырамын», - деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА.

Съезге «Нұр Отан» партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Мәулен Әшiмбаев та қатысты. Ол жастардың ел iргесiн нығайтудағы рөлi ерекше екендігін айтып, сәттілік тіледі.

«Бүгiнгi жаһандану жағдайында ұлттық құндылықтарымыз бен ұлттық болмысымызды және ұлттық кодты сақтауда, елiмiздiң iргесiн нығайтып, еңсемiздi тiктеуде жастардың, соның iшiнде, жасотандықтардың алар орны ерекше. Жастарға жүктелер мiндеттiң де салмағы жеңiл болмасы анық. Осы жолда ел жастары ортақ мүддеге ойысу керек», - деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Мәулен ӘШIМБАЕВ.

Съезд алғаш рет VR, яғни виртуалды форматта онлайн түрде көрсетiлдi. Яғни, форум жұмысын қазақстандықтар ғана емес, әлемнiң барлық интернет қолданушысы көруге мүмкiндiк алды. Жиын соңында жасотандықтардың ұйым дамуы мен елiмiздегi жаңғыру үдерiстерiне қатысу жөнiндегi стартегиялық мiндеттерi көрсетiлген арнайы құжат қабылданды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир