Еліміздің ауылшаруашалығы министрі Асқар Мырзахметов Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың «шекара мәселесін шешу үшін Қазақстанды бір екі күнге судан ажырату керек» деген мәлімдемесіне жауап берді. Министрдің сөзінше, шекаралас жатқан өзендерді пайдалану мүмкіндіктері халықаралық келісімшартта көрсетілген. Осыған орай, көрші ел суға бөгет жасамауы тиіс. Себебі, өзен бір емес бірнеше мемлекеттердің шекарасын қамтып отыр.
«Менің ойымша мұндай шешімді жалғыз Қырғызстан қабылдамайды. Арнайы халықаралық деңгейдегі құқықты сақтайтын құжаттар бар. Біз жыл сайын ауылшаруашылығымен айналысатын аймақты сумен қамту үшін барлық шараларды қолға алып отырмыз. Өзен бойына тек Қырғызстанның ғана емес, сонымен қатар Өзбекстан шекарасы да кіреді», - деді ҚР ауылшаруашылығы министрі Асқар МЫРЗАХМЕТОВ.