Алакөлде тегін Wi-Fi орнатылады

01.08.2018 19:10

Wi-Fi жүйесін Қазақтелеком орнатады. Сонымен қатар, жүзге жуық бақылау камералары орнатылған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен көл жағалауына тегін Wi-Fi 30 жерден орнатылмақ. Әрқайсысының радиусы 200 метрді құрайды. Автовокзалдан Арбатқа дейінгі аралықта Wi-Fi қосылып қойыпты.

Сондай-ақ, демалушылардың қауіпсіздігі үшін Арбат 100-ге жуық бейнекамерамен жабдықталған.