Алматыдағы Төле би көшесінің бір бөлігіндегі қозғалыс уақытша тоқтатылады.
«2018 жылдың 7 қыркүйегінде сағат 6-дан бастап, 10 қыркүйекте сағат 6-ға дейін Төле би көшесінің Тілендиев көшесінен Фуркат көшесіне дейінгі батыс бағытындағы көлік қозғалысы тоқталады. Уақытша шектеу жылумен қамтамасыз ететін магистралдық жөндеу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтағаннан кейін жол жабындысы қалпына келтіру үшін енгізіледі», – деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС өкілдері.
Кәсіпорын Төле би көшесінің Розыбакиев көшесінен Брусиловский көшесіне дейінгі жерасты жылу желілерін жөндеу жұмыстары 2018 жылдың 1 қыркүйегіне дейін мерзімінен бұрын аяқталғанын мәлімдеді.
Кәсіпорын өкілдері алматылықтар мен қала тұрғындарынан мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, аталған учаскелерді айналып өтуді сұрайды.