Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі артып келеді

13.07.2017 17:11


Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі артып келеді. Жыл басынан бері нарықта жеке инвесторлар белсенділік танытқан. Ал 6 ай ішіндегі көрсеткіш бойынша жеке тұлғалардың үлесі 49 пайызға дейін өсіпті. Бүгінде акционерлер саны 108 мыңға жеткен. Оның 4 пайызы шет елдік қатысушылар. Сатылымға түсетін бағалы қағаздардың көбі отандық компанияларға тиісілі. Олар IPO бағдарламасы арқылы нарыққа шыққан болатын.

«Негізінде біздің биржадағы акциялардың индексі экономиканың айнасы десе де болады. Биржаның эмитенттерінің саны репрезентативті болмаған жағдайда да бізге тау-кен өнеркәсібі, мұнай және газ компаниялары мен қаржы сондай-ақ, телекоммуникация секторы кіреді»,- деді «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқармасының төрайымы, Алина АЛДАМБЕРГЕН.


Теги: KASE