Әлемге әйгілі телеарналардан Қазақстанның сакралды жерлері жайлы фильм көрсетілмек

Әлемге әйгілі телеарналардан Қазақстанның сакралды жерлері жайлы фильм көрсетілмек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазақстанның киелі географиясы» жобасы ішкі туризмнің дамуына жаңа серпін береді. Мәдени-туристік кластерлерді дамыту бағытында Солтүстік, Батыс Қазақстан және Астанада үш мұражай-қорығы ашылған. Бұдан бөлек киелі жерлерге арналған бірнеше кітап жарық көрді. Сонымен қатар  6 тілге тәржімаланған «Алтын адам», «Қожа Ахмет Яссауи», «Айша бибі»  сынды деректі фильмдер циклі 700 млнға жуық аудиториясы бар Discovery, Viasat history, National geographic арналарынан көрсетілмек. Аталмыш мәліметпен бүгін Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері бөлісті.

«Фильмдердің әлемдік премьерасы 2018 жылдың маусым-шілде айларына жоспарланған. Бұл туындылар Қазақстан имиджін әлемдік деңгейде көтеруге септігін тигізеді. Әрі, ел мен жердің тарихи орындары мен киелі жерлерін таныстырады»,-деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА.

Айта кетейік, жоба аясында өткен жылы 25-ке жуық тарихи маңызы бар ескерткіштер қайта жаңартылып, жаңа кейіпке енген болатын. Халыққа арналған әлеуметтік роликтер саны да көбейтілген.


Новости партнеров