|
22.03.2018 | 16:26
5242

"Алматы Аренада" шығыс аспаздарының фестивалі өтті

"Алматы Аренада"  шығыс  аспаздарының фестивалі өтті

Бүгін Алатаулық ағайынға ерекше сый жасалды. Қысқы соғымның сұрленген еті, құлаш  қазы қосылған көжеден ғана емес бірден жеті елдің тамағы тартылды. Үнді, Ауған, Иран бағбандарының баппен өсірген жемісі, жалпы шығыс елдерінің орта ғасырдан бері келе жатқан  ас мәсірінен  фестиваль өтіп жатыр.  Көк сарайдың алды сән-салтанатқа толы. Етектегі елдің Әз Наурызды қалай тойлап жақтанын Алматы Арена алаңында жүрген әріптесім Әмірболат Құсайынұлы жеткізеді. Әмір ұлыс оң болсын, мереке қалай өтуде?

-Ақ мол болсын Тоғжан. Алты алашы, жеті қазынасы, төрт құбыласы, сегіз серісі бар, тоғыз құмалағы, оншақты ұлы, моншақты қызы бар қауым осында. Жігіттері жылқының жалында ойнап, келіндері түйенің қомында босанған көшпелі елдің өшпейтін ұрпағы бүгін мынау көк аспаның астында, буы босаған кең даланың үстінде Әз Наурызды тойлап жатыр. Алматы Арена кешенінің алды да адамға лық толы. Қасиетті  салтымыздан қойылып жатқан  көріністерге қарап, тарихқа бойлап ата-бабаның ойлап тауып, мұраға тастап кеткен мол рухани дүниесін көріп жаның бір жайлы күй  кешеді. Таңнан басталған сауыққа толы сарайда фольклорлық, эстрадалық әндер де әуеде қалықтап жатыр. Көк сарайдың алдында  қара құрым халық. Күн мен түннің теңелгенің асыға күткен халқымызға қазақ халқының тіл үйірер көжесін ғана емес, әлем халықтарының ас  мәзірі фестивалі де ұсынылды. «Наурыз - бүкіләлемдік мәдени мұра» атты бағдарлама аясында Әзірбайжанның  лаваш күрішімен пісірілген тағамды, түріктің  бал қосылған пахлавсын, лукумды, Түркмендердің  чуректі, чападты мен күлшесін, жеті  жеміс қослыған Ауғанстан  компотын, Өзбектің сумалякін сондай-ақ  Иран бақтарынан шыққан жемістерді, Тәжікстан, Үндістан сынды көптеген елдерге тән тағамдарды таңдап жүріп татуға болады.

Етектегі елдің еркін қыдыруына қолайлы болу үшін іс-шаралар 7 жерге топтастырылған. «Асық» ату, арқан тартыс сынды спорттық ойындар  ептілер мен мықтылдардың  бәсін қыздырды. Ертеден жеткен ер, қамшы сынды шеберлердің қолынан шыққан сан түрлі бұйымдарда бұқараға ұсынылған. Күн арқан бойы көтерілгенде басталған концертте міне екінтіге дейін әлі толастаған жоқ. Ал ертең дәл осы  көк сарайдың ішінде сонау өткен ғасырдың сексенінші жылдары хитке айналған «Sunny», «Midnight Dancer», «Hands Up», «Bahama Mama» сынды әлемге әйгілі әндер шықарлып,  «D.I.S.C.O.» кеші болмақ. Ит жылы жемісті, жұртымыз  жұмақтағыдай күн кешкен, бір-бірін бүгінгідей іздеп, сыйласқан жақсы күндер бола берсін ағайын. Тоғжан Алатау ауданынандағы мереке осылай тойланып жатыр. 

-Атлетикалық ауылдан студияға қосылған әріптесім Әмірболат Құсайынұлы болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир