Алматы облысында автобус апатқа ұшырап үш адам ажал құшты

05.12.2017 20:52

Алматы облысында автобус апатқа ұшырап үш адам ажал құшты. 30-ға жуық жолаушы жарақат алған. Сарыағаштан Алматыға бет алған автобуста жаздық дөңгелек болған. Ал, жүргізуші шиналарды уақытылы ауыстырып үлгермедім дейді. Ал тас жолдың тазалығына жауапты шенділер мұзды жолды мезгілінде емес, тек апат орын алған соң ғана тазалауға кірісті.

Сағат шамамен таңғы жеті жарым кезінде бұрылысты көк тайғанақтан бұрылып үлгере алмаған автобус 3 метрге жуық биіктіктен аударылып кеткен. Алматыға алыс жолдан келе жатқан жолаушылардың көбі ұйықтап отырғандықтан жағдайдың қалай болғанын түсініпте үлгере алмай қалдық дейді. Автобустың жүк салғышында жолаушылардың қол сумкасынан бөлек көптеген тауарлардың тиелгенін байқауға болады. Базарға әкеле жатқан азық-түлік өнімдері, қорапқа салынған тауарларда толып тұр.   

Жасы жетпіске жуықтаған Навай әжей Шымкенттегі тойдан жеті адам болып қайтып келе жатқан. Аударылып, әртүрлі жарақат алған туыстар өздеріне қарасты жандардың аман екенін білген соң заттарын түгендеуге түске қарай кірісті. Келіні қолын сындырса, тағы бір жақыны желкесін жарақаттап, өзі кеудесінен қысылып қалған.

Апат орнында екі жігіт қаза болса, 22 жастағы азамат Ұзынағаштағы аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған. Жансақтау бөліміне жатқан тағы бір қыздың жағдайы ауыр. Жалпы, жедел жәрдемнің 5 бригадасы аудандық ауруханаға барлығы 28 адамды әкелген. 

«28 адам алып келінді. Оның екеуі ауыр жарақатта болды. Ер кісіні жансақтау бөліміне көтерген кезде кетіп қалды. 16 адамға амбулаторлық ем көрсеттікте оларды емханаға жібердік. 3 науқасты Қарасай аудандық ауруханасына жібердік. Хируригия бөлімшесіне 5 адам жатқызылды»,-деді Алматы облысы Жамбыл аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары, Ботакөз МЕДЕТБЕКОВА.

43 адам отырған қытайдың ютонг маркалы автобустары былтыр ғана алынған. Шамадан тыс тауардың тиелуіде көліктің басқаруына кедергі келтіруі мүмкін дейді жақындарын жоқтап жылаған жұрт. Ал жүргізуші болса қыстық резинаны ауыстырып үлгермедік дейді.  

«Жол тайғақ көрінбейді. Алдымнан жеңіл машина келді. Маған белгі берді оңға ал деп. Мен оңға алдым. Ол жынданды ма алдыма келіп тежегішін басты. Менде тежедім. Сол кезде көліктің артқы дөңгелегі тайды»,-деді Автобус жүргізушісі, Үмітжан ОТАЕВ.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданынан шыққан автобус жүргізушісінің қалғып кетуіде мүмкін. Апаттың нақты неден болғаны тергеуден соң белгілі бомақ. Айтып келмейтін апатқа абай болмаған 41 жастағы жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ал жолдың тазалығына жауаптылар тұзды ескі әдеттерінше  күн жылынып, мұз еріген соң ғана себе бастады.