«Нұр» радиолокациялық әскери құрылғының таныстырылымы өтті

«Нұр» радиолокациялық әскери құрылғының таныстырылымы өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің әуе қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «Нұр» деп аталатын радиолокациялық әскери құрылғының таныстырылымы өтті.  Өз аймағынан 470 шақырым радиустағы кеңістікке кірген зымыранды анықтап, оны атып түсіретін қаруға дәлдікпен жол көрсете алады. Зауыт басшылары француздармен бірлесіп шығарған әскери құрылғыны алдағы уақытта көрші мемлекеттерге де сатуды жоспарлап отыр.  

«Нұр» радиолокатарлық стансасы елімізде екеу ғана. Бұған дейін Астананың әуе кеңістігі қорғанысын қамтамасыз ету  үшін қойылған аппарат сынақтан сүрінбей өткен. Ал қазір таныстырылымы болып жатқан екінші құрылғы Алматының маңайын ғана емес, компьютер арқылы көрші Қырғызстан мен Өзбекстанның да әуе кеңістіктерін қауіпсіздігін де бізге көрсетіп тұр. Алдағы уақытта мына құрылғы Қарағандының  жеріне қойылмақ. 

Әуеде ұшқан техника мен зымыранның барлығын анықтайтын станса 15 сәулелі диапазонды толқын шашады. Зауыт басшылары апаратқа ат қоюдың саяси мәні жоқ, сондықтан «Нұр» радиолокатарлық станаса деген атау бердік дейді. Стансаның міндеті 470 шақырым қашықтыққа дейінгі аралықта зенит зымыранын анықтап, оны атып түсіретін қаруға нысанды дәл көрсетеді. Қазір елдің әр аумағынада айналып тұрған локаторлар 300-350 шақырымдағы қауіпті анықтауға қауқарлы.

«Бір локатордың өзінде 27 түрлі лампы бар. Барлығын санағанда 300-500 дейін лампы. Олардың жұмыс істейтін уақыты аз. Бір лампы шығып қалса локатор тоқтатылады. Оны ауыстыруға екі сағат уақыт кетеді. Ал мына локатор жаңа технологиямен шыққан,  бірде бір лампысы жоқ. Микро схемадан жасалған. Оның көптеген блоктары бір-бірінің орнын ауыстырып жұмыс істей береді», - деді  Әскери электроника компаниясы директорының орынбасары Марат АМАНЖОЛОВ.

Радиолокациялық станса зенит зымырандарынан басқа  әскери және азаматтық ұшақтардың кез келген түрін бақылап, орталыққа хабарлама бере алады. Радиолокациялық барлаушының 18 пайызы қазақстандық өнім, қалғаны француздарға тиесілі. Апараттың бағдарламасы ауыр болат шойын қондырғылары мен дизелді генераторы  сынды бірнеше құрылғысы ғана осындағы инженерлердің қолынан шыққан. Қазақстан-Француз бірлескен жобасы аясында келесі жылы бұндай әскери стансаның санын төртке жеткізу жоспарланып отыр.

«Екі жақты бірлескен жоба біз үшінде өте маңызды. Біздің қазақстандық компанияға ұсынған технологиялар заманның озық  құрылғылары. Бұл Қазақстан әскери техника шығарудағы тәжірибе жинауға мүмкіндік болмақ. Осы арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Алдағы уақытта өзгеде құралдарды шығаруды ойластырып отырмыз», - деді «Талес» компаниясының Еуразия аймағы бойынша басшысы  Оливье АШАРД (Франция).

Боралдайдағы ірі зауыт зымыран таситын өзгеде әскери техникаларды қазіргі уақыт талабына бейімдеп, жаңалайды. Байланыс құралдарын, дабыл беретін, нысана дәлдеуге керекті автомобильдерде осы өндірістен шығады. Құны 22 миллион доллар тұратын қымбат лакоторлық стансаны зауыт басшылары өзге мемлекеттерге де сатсақ деп отыр. Қазірдің өзінде Моңғолия мен Тәжікстан елдерінен тапсырыс түскен.

Әмірболат Құсайынұлы, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы  


Новости партнеров