АЭФ аясында өткен жиында теңізсіз сауда-саттық жүргізу мәселесі талқыланды

17.05.2018 15:32

Әлемдегі теңізге жолы жоқ елдердің министрлері, халықаралық сауда ұйымдарының өкілдері Елордада бас қосты. Жиында тауар айналымының ең маңызды көзі - теңізсіз сауда-саттық жүргізу, экономикалық көрсеткішті өсіру жайы талқыланды. Күні ертең бастау алатын Астана экономикалық форумының аясында өткен жиында 30 мемлекеттің 100-ден астам маманы өз ойларымен бөлісті.

«Әлемде теңізге шығатын жолы жоқ, сәйкесінше, ол арқылы сауда жүргізбейтін 48 ел бар. Ал бұл суда жолын жер бетіндегі тауар айналымының 90 пайыз үлесін құрайды. Бірақ бұған қарамастан, Қазақстан сыртқы нарыққа өз тауарларын көрсеткішпен саудалап келеді. Бұл біздің транспорттық сауда-саттық саласын меңгергендігіміздің дәлелі»,-деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан АШЫҚБАЕВ.