|
20.01.2017 | 10:42
2508

Алматыда Универсиадаға салықшылар да дайындалуда

Алматыда Универсиадаға салықшылар да дайындалуда

Алматыда Универсиадаға спортшылардан бөлек салықшылар да дайындалуда. Қазір олар кәсіпкерлерге пос-терминал орнату қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Себебі, жарыс кезінде қалаға шетелден мыңдаған турист келеді. Әдеттегідей олардың басым бөлігі сауда-саттықты төлем карталарымен жүргізеді.


Кәсіпкер Михаил Воронин Универсиада қарсаңында спорт киімдері мен тауарын саудалайтын дүкенін ашты. Бизнесмен табыс табу мүмкіндігін жіберіп алмауды шешкен. Шетелден келген қонақтар ол үшін ең алдымен әлеуетті тұтынушы. Өз клиенттерінен айырылмауды көксеген кәсіпкер пос-терминалды орнатуды бірінші кезекте шешкен.


«Ірі көлемдегі ақша тұтынушылар қалтасынан әр кез табылмауы мүмкін. Осыдан 5 жыл бұрын клиенттің есептесуге қаржысы жетпей қалған кезде қажетті қаржыны шығарып алу үшін, оны банкоматқа жіберетінбіз. Ол адамдар үшін қолайсыз еді. Одан кейін қайта оралатындар аз кездесетін»,- деді Кәсіпкер, Михаил ВОРОНИН.


Алайда қаладағы кәсіпкерлердің барлығы Михаил Воронин сынды тұтынушылардың жағдайын ойлай бермейді. Салықшылар тексерумен келген сауда орындарының бірінде жалға алушылардың көбінде пос-терминалы жоқ болып шықты.


Өткен жылдың басында кәсіпкерлер ескерту алумен шектелген. Енді оларға осы жылдың 1 ақпанына дейін уақыт берілді. Ол уақытқа дейін төлем картасымен есептесу құрылғысы болмаған жағдайда бизнесмен 90 мың теңгеден 180 мың теңгеге дейін айыппұл арқалайды.


«Өйткені, бұл пос-терминал бір жағынан бюджетке де пайдасы болса, бір жағынан салық төлеушіге де пайдасы бар. Өйткені, мысалы қазіргі кезде көпшілік азаматтар қызмет түрін алған жағдайда, тауар сатып алған жағдайда төлем карточкасымен есептеседі. Егер төлем карточкасымен есептесе алмайтын болса, ол басқа салық төлеушіден қызмет түрін алуға кетеді. Яғни, бұл жерде салық төлеушілер өздерінің тұтынушыларынан айырылады»,- деді Алматы қаласы МКД медеу ауданы басқарма басшысының орынбасары, Қуаныш ТҮМЕНБАЕВ.   


Алматыда Медеу ауданында тек үш күндегі тексерісте  32 кәсіпкерде мұндай құрылғы жоқ болып шыққан. Жалпы, тіркелгендер саны 13 мыңды құрайды. Салықшылардың сөзінше жыл сайын бұл статистика жақсарып келеді. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир