«Тараз» тәлімгері Нұркен Мазбаев «Байқоңыр» футбол клубына қарсы Бірінші лиганың 24-ші жарысы басталар алдында «Шілде айының» ең үздік жаттықтырушысы деген марапатқа ие болды, деп хабарлайды sports.kz.
Қазақстан кәсіби футбол лигасы Бірінші лигадағы бас жаттықтырушылар арасында сауалнама жүргізіп, өткен айдағы ең үздік маманды анықтаған – «Тараз» футбол клубының жаттықтырушысы әріптестерінің басым дауысына ие болыпты.
Жеңімпазға естелік сыйлықты Қазақстан кәсіби футбол лигасының спорттық директор орынбасары Бауыржан Сейсенбеков табыс етті.
Шілде айында Мазбаевтың жетекшілік етуімен «Тараз» командасы төрт рет жеңіске жетіп, бір рет жалпы қорытындыда 13:2 гол айырмасымен тең ойын көрсеткен.