2017 жылғы қаңтарда инфляция көлемі 6-8 пайызды құрады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 12-ден 11 пайызға төмендетті. Бұл туралы сала мамандары мәлімдеді.  2017 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша, инфляция көлемі 6-8 пайызды құраған.  Алдын ала деректер бойынша шетел валютасындағы депозиттер үлесі биылғы  жылғы қаңтардың соңында 53 пайызға дейін төмендеген. Экономиканың базалық салаларының дамуын көрсететін қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2017 жылғы қаңтарда 103,8 пайызды құраған.  Базалық мөлшерлеме ішкі сұраныстың артуы немесе түсуі сондай-ақ қаржы саласындағы ахуалға байланысты болмақ. Айта кетейік, базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2017 жылдың 10 сәуірінде жарияланады.

«Біздің болжамымыз бойынша 2017 жыл мен 2018 жылдың 1-жартыжылдығында инфляция деңгейі нысаналы бағдар шегінде болады. Халықтың  валюта нарығына деген көңілдері тоқ.  Депозиттік нарық бойынша долларсыздану процесінің жалғасып жатқанын және салымшылардың ұлттық валютаны артық көру үрдісінің сақталып отырғанын айғақтайды», - деді ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр АҚЫШЕВ.


Новости партнеров