Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген 10 мың теңге Алматы да таныстырылды. Бұдан бөлек, монета да бар. 25 унциядан тұратын жаңа монета Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 925 сынамадағы күмістен жасалған. 5 мың теңгелік монета бағалы кәдесый ретінде таралымға шықпақ. Оның салмағы - 777,5 грамм. Айта кетейік, 15 қарашада, экономиканың қаржы секторының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі - Қаржыгерлер күнін тойлау үстінде. Осы күнді таңдау кездейсоқ емес және бұл күн өзіміздің ұлттық валютамыз - теңгенің 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға енуімен байланысты.
"Төл теңге күнінен бөлек, Ұлттық банк естелік банкот пен естелік монетаны шығару туралы шешім қабылдады. Ол әрине тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған. Олар айналымға 1 желтоқсаннан бастап енеді",- деді ҚР Ұлттық банк төрағасы, Данияр АҚЫШЕВ.