|
03.01.2018 | 09:30
1467

Назарбаев Астанадағы жаңа жылдық қайырымдылық балға қатысты

Назарбаев Астанадағы жаңа жылдық қайырымдылық балға қатысты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы жаңа жылдық қайырымдылық балға қатысты. Президент бұл мереке әрдайым көтеріңкі көңіл-күймен бақытты болашаққа үміт сыйлайтынын атап өтті. Өтіп бара жатқан жыл жарқын және ауқымды оқиғалармен есте қалғанына тілге тиек етті. Елбасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінде еліміздің бейбіт бастамаларын ілгерлету мәселелеріне және алдағы жылы Қазақстанның осы халықаралық ұйымға төрағалық етуінің перспективаларына ерекше тоқталды. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев кешке қатысушыларды келе жатқан жаңа 2018 жылмен құттықтап, барша қазақстандықтарға зор денсаулық, қуаныш пен шаттық тіледі. Атап өтерлік жайт, Жаңажылдық балды өткізуден түскен қаражат қайырымдылық мақсатқа жұмсалатын болады.

«Өтіп бара жатқан жылы Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығын атап өттік. Осы жылдар ішінде төңіректегі болып жатқан қиыншылықтарға қарамай, еліміз аман, жұртымыз тыныш, дастарханымыз алдымызда, халықтың баспанасы басында, төбесі биік, табалдырығы мықты. Солай жүргенімізге тәубе дейміз. Өткен жылға басымызды иіп, ризашылығымызды айтамыз», - деді Қазақстан республикасының президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Жаңа жыл
Новости партнеров
Прямой эфир