Назарбаев жойқын қаруды таратуға жаппай қарсылық танытпақ

04.01.2018 15:15

Нұрсұлтан Назарбаев жойқын қаруды таратуға жаппай қарсылық танытпақ.  Президент мұндай бастаманы әлем елдері көшбасшыларының алдында көтереді. Айта кетейік, биыл Қазақстан алғаш рет біріккен ұлттар ұйымы қауіпсіздік кеңесінің уақытша мүшесі атанып, төрағалығына кірісті. Енді 18 қаңтарда өтетін қауіпсіздік кеңесі жиынында Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл мемлекеттердің ынтымақтастығы мен көшбасшылар арасындағы сенімді нығайтудың маңыздылығын атап өтпек. Қауіпсіздік кеңесінің тағы бір отырысында Ауғанстан мен Орталық Азия аймағы арасындағы ынтымақтастықты нығайту туралы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пікірталасты басқармақ. Сондай-ақ, күн тәртібінде Сирия мен Таяу шығыстағы ахуал да қарастырылмақ.