Назарбаевтың қауіпсіздік кеңесін басқаруға қатысты Әділет министрі пікір білдірді

Назарбаевтың қауіпсіздік кеңесін басқаруға қатысты Әділет министрі пікір білдірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әділет министрі Қазақстан Президентінің өмір бақи «Қауіпсіздік кеңесін» басқару жайына қатысты пікір білдірді. Бұл ұсыныстың терең саралау жүргізу арқылы қабылданғанын атады. Өйткені, Елбасы күні бүгінге елдегі тұрақтылықты сақтауға әрі, лаңкестік, экстремистік бағыттағы іс- әрекеттермен белсенді күресті қолға алып отыр. «Осы тұрғыда бұл шешім дұрыс деп ойлаймын», - дейді Марат Бекетаев. Айта кету керек, аталмыш заңда көрсетілген өзгерістер қабылданатын болса, онда қауіпсіздік кеңесінің мәртебесі алдағы уақытта консультативті-кеңесші органнан - конституциялық органға айналады. Заң жобасы мәжіліс депутаттарының қарауына берілген.

«Бізде конституциялық реформа жүргізілді. Соның аясында Қауіпсіздік Кеңесін Президент өмір бақи басқарады деген шешім қабылданды. Демек, бұл Президенттің халық сенімін ақтап отырғанының айқын көрінісі. Лаңкестік әрекеттер мен экстремистік топтардың іс-әрекеттері күшейген сәтте ел тыныштығы, тұрақтылық маңызды деп санаймын», - деді ҚР Әділет министрі Марат БЕКЕТАЕВ.

Новости партнеров