Назерке Әріптің өліміне кінәлі деген күдікті ұсталды

Назерке Әріптің өліміне кінәлі деген күдікті ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Назерке Әріптің өліміне кінәлі деген күдікті ұсталды. Бойжеткен қыз шілдеде із-түссіз жоғалып кетіп, артынша мүрдесі қаладағы бейіттердің бірінен табылған еді. Қандықол Алматы облысы, Талғар ауданының тұрғыны болып шықты. Бұған дейін бірнеше рет істі болып, сотталған азамат таксист ретінде адам тасымалдап күн көрген. 18 жасар Назеркені жеткізіп салмақ болған ол қаршадай қызға қырғидай тиіп, арам ойын іске асырған. Сорақысы сол, қызды қорлап қана қоймай, буындырып, зират маңына тастап кетіпті. Құқық қорғаушылардың сөзінше, күдікті қылмысын мойындаған. 33 жастағы азамат әзірге уақытша тергеу изоляторына қамалды.


«Қазіргі таңда ол азамат қамауға алынды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128 бабының нормаларына сәйкес Медеу аудандық Ішкі істер басқарамасының тергеу бөлімінде сотталу тергеу амалдары 99 баппен Қылмыстық кодекстің әлі де жалғасу үстінде. Осы азамат қамауға алынып, қазір түсініктеме беруде», - деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.


Новости партнеров