|
08.11.2016 | 11:40
6245

Есін жоғалтқан ер адам Алматыда туыстарын іздеуде

Есін жоғалтқан ер адам Алматыда туыстарын іздеуде

Алматыдағы ауруханада есін жоғалтқан ер адам ем қабылдап жатыр. Өзін Әуезхан Әшірбаев деп таныстырған науқас емдеу мекемесіне осыдан 1 ай бұрын жеткізілген екен. Қала базарларының бірінде жүк тасушысы болып жұмыс істеген оны Іргелі ауылында камаз қағып кетіпті. Қатты соққыдан миы шайқалып, бірнеше жерінен жарақат алған. Дәрігерлер «1 айға жуықтаса да, ауруханаға науқасты іздеп келген жан жоқ»,- дейді. Сондықтан олар есін жоғалтқан адамның туыстарын іздестіруге бізден көмек сұрады.


Аурухана төсегіне таңылған бұл науқасты өткен айдың ортасында жүк көлігі қағып кеткен. Жол апаты Алматы маңындағы Іргелі ауылында болыпты. Қатты соққыдан ер адамның миы шайқалып, басына зақым келген. Жедел жәрдем оны 7-ші қалалық ауруханаға дереу жеткізеді. Науқас 2 апта бойы жан сақтау бөлімінде жатты. Қазір жағдайы тәуірлеп қалды.

«Көп жүре алмаймын. Мас адамдар сияқты қисалаңдап қаламын. Үйленбегенмін. Алматыға жұмыс бабымен келдім», - деді науқас Әуезхан ӘШІРБАЕВ.

Қапыда болған жол апатынан ер адам есін жоғалтқан. Тек есім-сойын ғана біледі. Өзін Әуезхан Әшірбаев деп таныстырған ол Алматыға жұмыс іздеп келген екен. Туыстары Тараз қаласында тұруы мүмкін. Жасы 40-қа таяса керек. Осыған дейін қала базарларының бірінде жүк тасушы болған. Дәрігерлер науқасқа әлі де ем қажет дейді.

«Өткен аптада науқас мүгедектер арбасымен жүрді. Қазір денсаулығы тәуірлеп, дәрігерлердің демеуімен аяғын ептеп басатын хәлге жетті. Бірақ, әлі де ем қабылдауы керек. Өзге науқастармен бірге палатада жатады. Қажетті емдік шараларды жүргізудеміз. Алайда ұмытқан дүниелерін есіне түсіруі үшін біраз уақыт қажет», - деді Алматы қаласы №7 қалалық клиникалық аурухана нейрохирургия бөлімінің дәрігері Александр РОМАНЧИК.

Науқастың бұл аурханада жатқанына 1 айға жуықтады. Бірақ осы аралықта жағдайын сұрап келген адам болмапты. Қазір қала полицейлері оның жақын-туыстарын іздестіруге кіріскен. Дәрігерлер де есін жоғалтқан бұл азаматты танитындар бар болса, 7-ші қалалық клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөліміне хабарласуын сұрайды.

Дастан Сейілханұлы, Нұрбол Қызықбаев, «Алматы» телеарнасы 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир