Алматыда жатақхананың тұрғындары жандарын шүберекке түйіп отыр

Алматыда жатақхананың тұрғындары жандарын шүберекке түйіп отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жекешеленген жатақхананың құбыры шіріп, қабырғасы құлаудың алдында тұр. Тұрғындар өткен ғасырдың 80-ші жылдары салынған ғимаратқа жөндеу жұмыстары мүлдем жүргізілмеді, дейді. Оның үстіне пәтер иелері кооперативі құбырды қалпына келтіру үшін әр пәтерден  ақша жинаған көрінеді. Бірақ атқарылған жұмысты тұрғындар көрмеген. 

1983 жылы тұрғызылған  жатақхананың іші құдды бір қора секілді. Қолаңса иіс ішіне сіңіп қалған. Ал қабырғалары мүлдем сыланбаған. Түрлі бейәдеп сөздерге толы. Үйлерінің мұндай күйге түсіп кеткеніне тұрғындар пәтер иелер кооперативін кінәлап отыр. Айтуларынша, 2016 жылы сайланған ПИК басшысы үйдің жағдайына көңіл бөлмейді. Әр пәтер иесінен құбырларды ауыстыруға 6 мың теңгеден жинап алыпты. Бірақ атқарылған жұмыс жоқ дейді.

«Ішінің бәрі лас, кір. Енді әкімдіктен неше рет келді. Жиналыс та болды. Ол кісілердің бәрі келді. Бірақ ПИК-тің өзі қашып жүр, әлі келген жоқ. Қаншама халық тұрамыз. Енді бізге ешқандай жағдай жасалмаған», - деді Қалдыгүл БИСЕМБИЕВА.

Өздеріңіз көріп тұрғандай мына қабырға құлауға жақын тұр. Тұрғындардың сөзінше, жатақхана салынғалы бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Мына қабырғаның арғы бетіндегі құбырлар қазір шіріген, салдарынан аққан су еденге жайылып жатыр.

Тұрғындардың сөзінше, «Асу» пәтер иелер кооперативі өздерінің рұқсатынсыз «тұрғын үйлерді жаңғырту» бағдарламасы арқылы 25 миллион теңге несие алыпты. ПИК төрағасының бұл қылығын тұрғындар кейін бірақ білген. Құжаттағы қойылған қолдар да жалған болып шығыпты.      

«Елдің бәрі қарсы болды. Бір адам «мен қол қайдым» деп айтпады. Қол қойылмаған. Қалай оны жасаған? Мен «бізге протокол, смета, бәрін беріндер» деп қосымша жазбаша түрде жаздым. Қарашада жазған болатынмын», - деді   Рүстем ӘДИБАЕВ.

Енді тұрғындар 15 жыл бойы 25 миллионды қайтарулары тиіс. Ауданның комуналдық шаруашылық бөлімі ескі үйге толық жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігін айтады. Алайда, тұрғындардың рұқсатынсыз бастауға құқымыз жоқ дейді.  

«Шатыры, кәріз жүйесі, жылу жүйесі, су жүйесі, электр жүйесі үйдің ескі болғандықтан бәрі апаттық жағдайда тұр. Сондықтан ол толық берді. Иә, ол сметалық құжатта көрсетілген қаражаты үлкен болғандықтан халық өзі қатыспаймыз деген ниетін білдірді», - деді Алматы қаласы Наурызбай ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Өркен ҚОДАРОВ.

Ақыры тұрғындар «Асу» пәтер иелер кооперативінен бас тартуға бел буды. ПИК төрағасын сотқа да беріпті. «Асу» өкілі бізге қандай да бір сұхбат беруден бас тартты.


Өмір Әнуарбек, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы 



Новости партнеров