«Нокаут болмайды»: танымал боксшы Головкин-Альварес жекпе-жегіне болжам жасады

«Нокаут болмайды»: танымал боксшы Головкин-Альварес жекпе-жегіне болжам жасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жексенбі күні таңғы сағат 6.00-де барлық қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жегін тамашалайды.

Головкин баспасөз беттеріне берген сұхбаттарында рематчтың былтырғыдан қарағанда қызықты болатынын айтқан. Тіпті жаттығуын да күрделендіріпті. Отандасымыз тілшілермен болған әңгіме барысында Big drama show жасауға бұл жолы тағы сөз берді. Кездесуді уақытынан бұрын аяқтау керектігін жеткізді.

GGG осы жолы төрешілердің шешімінсіз-ақ жеңіске жетпек. Ал «Канело» болса екінші жекпе-жекте қалай да болсын ұтамын деді. Бірақ соңғы баспасөз мәслихатында ол қарсыласының көзіне тіке қараудан бас тартты. Көпшілігі оның бұл қылығын сескену деп пайымдауда.

Мексикалық боксшының жас әрі жойқын күшке ие екеніне қарамастан, еліміздің былғары қолғап шеберлері Геннадий Головкиннің жеңісіне сенімді.

«Ақпарат құралдары Канелоның Головкиннен күшті екенін жазып жатыр. Оның үстіне, Головкиннің жасы келді дейді. Менің жеке ойым, Альварес ертең бірден күшке салып, құлатқысы келеді. Головкин болса алғашқы раундтарда осыны пайдаланып, оны әбден шаршатуы тиіс және қарымта шабуылдап, қалған раундтарды өз пайдасына шешуі керек. Айқын басымдықпен жеңсе, яғни құлатса екен деп тілейміз. Бірақ жекпе-жек 12 раундқа созылады деп ойлаймын, Головкин жеңеді», – дейді қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев.


Новости партнеров