Ұлттық банк қарапайым халыққы қосымша ақша табудың жолын ұсынды

28.06.2018 17:21

Бұдан былай ұлттық банктің нотасына сіз бен біз қаржы құйып, пайда көре аламыз. Салған соммаңызды қажет болса, кез келген уақытта қайтарып алуға да мүмкіндік бар. Бастысы пайыздық мөлшерлемесі беріліп, ешқандай комиссия ақысын төлемейсіз. Тіпті, салықтан да босатыласыз. Мұның дәстүрлі депозит пен биржадағы акциядан қандай айырмашылығы бар?

Ақша табудың тағы бір тетігін ұлттық банк тарапы ұсынып отыр. Бұл жолғы бастаманың басты ерекшелігі, қалтасы қалыңдарға ғана емес, қарапайым халыққа да тиімді. Invest Online жүйесіне мобильді қосымша немесе веб-сайт арқылы тіркеліп, кем дегенде 100 теңге салып, ай сайын сыйақысын қоса  алуыңызға мүмкіндік береді. Бағалы қағазға салған соммаңыздың жылдық пайыздық мөлшерлемесі 8 жарым пайыз. Ұлттық банктің нотасына қаржы құйған кез келген азаматқа еліміздің басты банкі кепілдік беретіні де рас. Яғни, салған соммаңыз көбеймесе, үшті-күйлі жоқ болып кетуі мүмкін емес.

«Мобильді қосымшаны немесе веб-сайтты пайдалана отырып, сіз осы жүйеде тіркеуден өте аласыз. Ыңғайлы түрде сізге мүмкіндігіңізге қарай. Тіркеуден өткен соң, атыңызға бағалы қағаздармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дербес шот ашылады. Одан кейін сіз банктегі төлем картаңызды пайдалана отырып, сол жүйедегі электронды әмиян деп атаймыз. Жүйеде тікелей өзіңіздің қаражатыңызды ешқандай кедергісіз, қарапайым түрде инвестиция жасауға мүмкіндік аласыз»,-деді ҚР Ұлттық банкі төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан АШЫҚБЕКОВ. 

Қосымша ақша табудың жаңа жүйесін екінші деңгейлі банктегі депозит, не болмаса сауда-саттығы мың құбылатын биржадағы акция сатылымымен салыстыруға келмейді,-дейді ұлттық банк өкілдері. Яғни, компанияның қаржылық қиыншылығына қарай, оның банкрот болып, сыйақы мөлшерлемесі тұрмақ, дивидендсіз қалатындардың қатарына кіру қауіпін сезінуге жол бермеуге заңды түрде кепілдік береміз деп бекініп отыр. Жеке тұлғаның қаржы сауаттылығын арттыруға бағытталған бастама, қарапайым халықтан түскен қаражатқа қандай да бір пайдасы болатын жобаларға жұмсалмайды екен.

«Банк депозитінің қызмет түрі ыңғайлы болмауы мүмкін кез келген уақытта. Белгіленген сыйақы мөлшерлемесін алу үшін кемінде 1 ай қаражат ұстауы мүмкін. Бұл жүйеде сіз қаржатыңызды бүгін салып, ертең-ақ қаржатыңызды қайтарып ала аласыз. Бір күндік кірісті пайдаланып алып кетсеңіз болады»,- ҚР Ұлттық банкі төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан АШЫҚБЕКОВ. 

Барлық жүргізілетін операциялық жүйе салған сомманың көлемі мен жасалған транзакция санына қарамастан тегін. Ешқандай комиссия мен салыққа ақша төлеп, шығындалмайсыз. Қажет болған жағдайда қаржыңызды төлем картасына аударып, қажетіңізге жұмсай аласыз. Осы жағдайда да, пайыздық үстемесі есептелініп, ақша аударылғаны үшін комиссияға бір тиын да беруге міндетті емессіз. Экономистер, ұлттық банктің нотасына ақша салған адам, әлемнің кез келген биржасына тәуекелге барғаннан әлдеқайда ұтымды екенін алға тартады.

«Салыстырмалы түрде келгенде сондай көп кірістілілік емес. Бірақ бұның артықшылықтары, сіздің баламалы қаржыңызд ұлғайтудың бір жолы ретінде қарастыруға болады. Дәстүрлі түрде депозитке үйреніп қалсақ, бұл қор нарығына шығуға есік қой. Оның бір артықшылықтары осы. Әрі қарай сіз ұлттық банктің ноталарымен шектеліп қалмайсыз. Сонымен қатар кейін IPO-ға  шығып отырған басқа да қор нарығына шығып отырған құнды қағаздарын сатып алуға жол ашасыз»,-деді экономикалық сарапшы Мақсат ХАЛЫҚ. 

Ел азаматтарының бұл жүйеге қызығушылығы күн сайын артып келеді. 3 айдың ішінде  олар  Ұлттық банктің 1 миллион 400 мың  бағалы қағазын 130 миллион теңгеге сатып алып үлгерген. Invest Online пилоттық жобасы қарапайым халықтың  қызығушылығына қарай жалғасын таппақ.

Әйкерім Ердәулетқызы, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы.