Жаңа жылда от шашудан 54 адам зардап шекті

06.01.2017 15:57

Жаңа жылда от шашудан 54 адам зардап шеккен. Бұл 25 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында тіркелген мәлімет. Ал, былтыр фейерверктен майып болған адамдар саны 64-ке жеткен. Жедел жәрдемге хабарласқан тұрғындардың 7-уі аурухана төсегіне таңылды. Дәрігерлердің көмегіне жүгінгендердің басым бөлігі 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Көбі білек, беттің жеңіл жарақатымен құтылса, үш жеткіншек балалар жедел жәрдем ауруханасына жатқызылған. Зардап шеккендердің ең кішісі 6 жаста.


«Жатқызылған кісілердің барлығы ер кісілер. Төрт науқас қаладағы орталық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Оның 3-і офтальмология бөліміне, көз алмасының зақымдануына байланысты. Бір науқас қолының жарақатына байланысты травматология бөліміне жатқызылды», - деді  Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бас хирургы Нұржан ИСАБЕКОВ.


Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың денсаулығы бірқалыпты. Амбулаториялық ем қабылдап жатқандардың дерлігі жеңіл дәрежеде тін зақымдануы мен күйік шалғандар. Мұндай жағдай пиротехника дұрыс пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған.


«Пиротехникалық өнімдерді қолданған кезінде қолында ұстаған. Болмаса мынау қатты жарылыс болғанда 5 ауруханаға жатқызды. Ол кезде беттің күюі, қолдың күюі немесе қатты жарылыс кезінде құлақтың зақымдануы», - деді  Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бас хирургы Нұржан ИСАБЕКОВ.