Атлетикалық ауылдағы пәтерлерді үлестіру үшін құжаттарды қабылдау жалғасуда

01.03.2017 в 16:48

Үй кезегінде тұрған алматылықтар назарына! Алатау ауданы, Алғабас ықшам ауданында орналасқан Атлетикалық ауылдағы пәтерлерді үлестіру үшін құжаттарды қабылдаудың алтыншы толқыны басталды. 3 наурыз бен 10 наурыз аралығында «egov.kz» электрондық үкімет веб-порталы арқылы қосымша өтініштер мен құжаттар қабылданады. Пәтерлерді үлестіру жұмысын «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» 2020-шы жылға дейінгі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша іске асыруда. Жалға берілетін пәтерлердің шаршы метрі 1 мың 36 теңгені құрайды. Жалға алу мерзімі 20 жыл. 1 мың 748 пәтердің 996-сы бір бөлмелі, 560-ы 2 бөлмелі және 192-сі 3 бөлмелі. Құжаттардың барлығы электронды үкімет порталында электронды түрде қабылданады.