Алдағы күндері еліміздің аймақтарынан елге ерен еңбегі сіңген азаматтардың есімдері анықталмақ

10.05.2017 16:12

Алдағы мамыр мен маусым айында еліміздің аймақтарынан елге ерен еңбегі сіңген азаматтардың есімдері анықталмақ. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай мәлімдеді. Оның айтуынша, Елбасы мақаласында көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыруға байланысты, облыстарда орналасқан мәдени бірлестіктер алдағы бірнеше айда 100 жаңа есімді іріктеуі тиіс. Бұл үшін арнайы комиссия құрылып, бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орнату мақсатында мультимедиялық алаң құру туралы ұсыныс жасалды. Сондай-ақ, бас қосу барысында өзге этностық ақпарат құралдарында да елдегі маңызды шешімдерді жариялап отыру керектігі сөз болды. Мәселен елімізде барлығы 52 этникалық бұқаралық ақпарат құралдары болса, оның ішінде ұйғыр және өзбек мәдени бірлесітігінде ғана Елбасы мақаласы аударылған. Бұдан бөлек шетелдік классикалық туындыларды қазақ тіліне аудару, «Туған жер» бағдарламасы аясында осында туып шетелге кеткен азаматтарды жерлестермен қауыштыру, ішкі және сыртқы туризмді дамыту, азаматтардың білім деңгейін арттыру сияқты түрлі пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

«Жүз жаңа есім» деген жоба бұл әрине жаныңда жүр жақсы адам дейді. Жаныңда жүрген адамды тану да бұл біздің қазіргі өміріміздің қазіргі тәуелсіздік кезеңінде жасалған көптеген жақсы еңбектерді насихаттау үшін, ең бастысы бұның көрсеткіші, критерийі, өлшемі - бұл қазақстанды дамытуға қосқан үлесі болады. Сондықтан да бұл кез келген азаматтың оны осы жобаларды жүзеге асыру арқылы білетін боламыз»,- деді Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Дархан МЫҢБАЙ.