Алматының жолдарында жаңа автобустар пайда болады

Алматының жолдарында жаңа автобустар пайда болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

10 шілдеден бастап Алматыға қосылған елді-мекендерге қатынайтын автобус бағыттары іске қосылады. ЕУРО-4 экологиялық стандарттағы 45 автобус сатып алынды. Алматының шет аудандарына жолаушы таситын автобустарды жолға шығару тұрғындардың өтінімі негізінде ашылып отыр.  Соынмен қатар, 10 шілдеден бастап "Алматыэлектротранс" мекемесі өзгеде бағытта жаңа автобустар шығармақ. Атап айтсақ, Таужолы-Қалқаман арасында  №26, Жұмысшылар поселкісі мен Мақатаев көшесіне дейін  №40, Көкжиек шағын ауданы мен Армада сауда үйін жалғайтын 125-ші  бағыттағы автобустар жолға шығады. Ал 17 шілдеден бастап №14-ші бағыттағы  автобус Қарағайлы елді мекенінен шығып, Барыс -3 базарына дейін бармақ. Ал №15-ші  бағыттағы автобус Алатау савхозы мен Алтын Орда базары аралығында қатынамақ. Жоғарыдағы көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін ЛИАЗ маркалы 15 автобус әкелінді. Евро-5 стандартына сай автобустарды алуға қала әкімдігі 11,5 миллиард теңге қаржы жұмсаған. Бұл қаражатқа барлығы 300 автобус алынбақ.

«Іштегі жолаушыға сырттағы шу естілмейді. Жұмсақ жүреді. Дизель көліктерінің ішінде бұл матор ең жайлы, шусыз саналады. Қозғалтқыш бөліктері қайта жаңартудан өткен. Автобус арнайы жолаушыларға ыңғайлы болу үшін жасалған. Тағы бір ерекшелігі автобус табалдырығы төмен, іші бейнебақылаумен жабдықталған»,- деді "АЛМАТЫЭЛЕКТРОТРАНС" компаниясының бас директоры, Ризван ЦИНАЕВ.  

Новости партнеров