Елімізде жаңа электронды ақша пайда болмақ. Бұл қаржыға тек Ұлттық банкте бағалы қағаздар тұтына аласыз. Оны әзірлеушілер жүйе кибершабуылдан қорғалғанын айтады. Виртуалды ақшамен мобильді интернет банкинг арқылы төлеуге болады.
Жаңа валюта тек электронды нұсқада шығарылады. Сондықтан оны ұстап көру мүмкін емес. Ал әмиянның қызметін ұялы телефон алмастырады. Бұл жүйе блокчейн технологиясы бойынша қызмет етеді. Бір бірлік бір теңгені құрайды.
«Сіз онда төлем картасын байланыстыра аласыз. Қарапайым қимыл арқылы электронды ақша сатып алуға болады. Кейіннен ол қаржыға Ұлттық банктен қысқа мерзімді нота иеленуге мүмкіндік бар. Оны кез келген уақытта өтеп, табысқа кенеле аласыз», - деді Ұлттық банк төлем жүйесі саясаты басқармасының басшысы Алина ИМАНҒАЗИНА.
Электронды ақша осы жылдың аяғында қолданысқа енгізілмек. Ал оны әзірлеушілер картаны кибершабуылдан барынша қорғаймыз деп уәде беруде. Тіпті бас банкте арнайы басқарма құрмақ ниетте. Ондағы қызметкерлер өзге құрылымдармен бірлесе отырып, қолданушылардың банктік және жеке деректерін қорғайтын болады. Бүгінгі күні интернет банкингті 7 миллион ел азаматы пайдаланып отыр.
«Егер халықта және сатушыларда мотивация болса пайдаланушылар қатары көп болады деп санаймын. Себебі бұл өте ұтымды механизм. Қосымша құн салығы карточкада бөлшек саудада пайдаланылса, басқа төлемде 2-3 пайызға кемітуге амалын жасау қажет», - деді «Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі» АҚ басқармасының төрағасы Нұрлан ҚҰСАЙЫНОВ.
Банк картасын халықтың 78 пайызы қолданады. Соның ішінде, тұтынушылардың үштен бір бөлігі жалақы түскенде оны 5 күн аралығында шешіп алады. 28 пайызы картаны интернет арқылы төлем жасау үшін пайдаланса, 13 пайызы ғаламторға жүгінбеуді жөн санайды.
«Жанасусыз төлем жасаудың түрлі модельдегі құрылғы ойлап шығардық. Бірінші кезекте ұялы телефонмен төлем жасауға баса мән беріледі.
Біздің компанияда барлық ақпаратты жинақтайтын қызмет бар. Бірақ ондай қызмет Қазақстанда әлі жұмыс істемейді», - деді Төлем компаниясы департаментінің жетекшісі Хади РААД.
Төлем жүйесін жасаушылардың сөзінше, қазір технология дамыған заман төлемді қолды сканерлеу арқылы немесе көз торы арқылы төлем жасайтын күн алыс емес. Мұндай төлемдерге деген сұраныс жыл санап артуда. Мәселен, отандық банктердің бірінде жанасусыз 800 мыңдай операция жасалыпты.
Перизат Көмекбайқызы, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы