|
21.02.2018 | 11:19
1989

Елімізде іскерлер өз кәсібін электронды түрде тіркей алады

Елімізде іскерлер өз кәсібін электронды түрде тіркей алады

Енді іскерлер өз кәсібін электронды түрде тіркей алады. Заңды тұлғаға «egov» порталы арқылы тіркелу мүмкіндігі беріліп отыр.  Бұрын кәсіпті тіркеуге бірнеше күн уақыт кетсе, қазір 15 минуттың шаруасы. Бұдан бөлек, портал арқылы өзге де  құжаттарды онлайн реттеуге мүмкіндік бар.

«Банктік шот жұмыскердің әлеуметтік сақтандыру деген екі үлкен мәселе. Бұрынғы таңда жеке кәсіпкерлік субьектілері банкке бір барып, банктік шот ашса, сосын сақтандыру компаниясын тіркесе, сондай екі жұмыс болатын. Қазір 3 процедураны электронды үкімет жүйесі арқылы  тіркеу кезінде жасауға болады», - деді Алматы қаласы Әділет департаменті заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ақерке ҚОЖАХМЕТОВА.

Кәсіпкерлікті тіркеу жолы жеңілдетілгендей, оны жабу да енді онлайн түрде оңай болмақ. Оған қоса, кірістер департаментінен талап етілетін құжаттардың саны екі есе қысқарған. Сондай-ақ кәсіпкердің бизнесі екінші заңды тұлғаның қарамағына өтсе, өзгерістермен бұрынғыдай салық органы емес, әділет департаментінің мамандары айналысады. Айта кеттерлігі, сандық форматтың арқасында Алматыда өткен жылы  9 мың бизнес өкілі тіркелген.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир