Сайран көлінің маңы жаңарып, түрлі шаралар өтетін орынға айналады

Сайран көлінің маңы жаңарып, түрлі шаралар өтетін орынға айналады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тамыз айынан бастап жаңарған Сайран көлі келушілерді күтеді.

Алматы қаласы әкімдігінің қолға алған жобасы аясында бұл көл маңында енді мерекелік кештерді, түрлі іс-шараларды өткізуге болады. Мысалы, 4 тамызда әлемнің 22 мемлекетінен жүзден астам спортшы осында жиналмақ. Барлығы триатлоннан Азия кубогын сарапқа салады. Дайындық қазір қызу жүріп жатыр.

«Өткен жылы бұл шара Астанадағы Есіл жағасында өткен болатын. Биыл да әлем чемпионаты елордада ұйымдастырылды. Азия чемпионаты Алматыда алғаш өткелі отыр. Барлығы өз деңгейінде болса, әлем чемпионаты келер жылы осында өтуі әбден мүмкін», – деді Алматы қаласы Триатлон федерациясының атқарушы директоры Руслан КОГАЙ.

Қазір Сайран көлінің аумағы абаттандырылып, қосымша архитектуралық нысандар қойылған. Жауаптылар тіпті, судың құрамын да сараптамадан өткізген екен. Барлығы жарыстың талаптарына сай келген. Ал Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы Төле би көшесіндегі инженерлік желі жұмыстарын дүбірлі дода басталғанша аяқтауға уәде берген. 

Азамат Әуезхан, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров