Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.
Нұрлан Байұзақұлының соңғы қызметі Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болған еді. Ал 2016 жылдың қыркүйегінен бері Қорғаныс министрі болған Сәкен Жасұзақов енді Тұңғыш Президент атындағы Ұлттық Қорғаныс университетінің басшысы ретінде өз жұмысына кірісті.