Нұрлан Нығматуллин министрлерді сынға алды

23.11.2017 21:39

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин министрлерді сынға алды. Әсіресе, Қаржы министрі мен Ұлттық экономика министрінің жұмысына көңілі толмапты. Себебі, үлкен құрылыс нысандарын салу кезінде, мемлекеттік сатып алу жүйесінде шетелдік компанияларға басымдық берілетін көрінеді. Осыған орай, отандық компаниялар құр қалып қойып отыр - дейді төменгі палатаның төрағасы. Осы олқылықтарды түзету үшін, мемлекеттік сатып алулардағы демпингке қарсы жаңа тетіктерді ойлап табуды Бақыт Сұлтанов пен Тимур Сүлейменовке тапсырды.

«Ең алдымен Қаржы министрі мен Ұлттық экономика министрі осы бағытта нақты бір шешімдерді ұсыну қажет деп ойлаймын. Яғни, мемлкеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында демпингке қарсы арнайы жүйе ойлап табулары тиіс. Егер түсінікті болса, онда іске кірісу қажет. Басты жақсы изейсіңдер ал, іске жоқсыңдар»,-деді ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы, Нұрлан НЫҒМАТУЛИН.

Отырыс барысында Грузияның Қазақстан алдындағы берешегі сөз болды. Ол, сонау 1993 жылдан бері келе жатқан борыш көрінеді. Осыған орай, Нұрлан Нығматулин Қазақстан тарапын қорғау үшін, Қаржы министріне осы тектес келісім-шарттарға қол қою кезінде барлық заңдық сараптама жұмыстарының сақталу қажеттігін ескертті.

«Әріптестерімізбен берешекке қатысты бұл мәселенің оң шешім тапқаны дұрыс болды. Бірақ, бұның өзі көңіл-көншітерлік жағдай емес. Өйткені, өзге мемлекеттермен қарызға қатысты келіспеушілік жағдайлар әлі де болса бар»,-деді ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы, Нұрлан НЫҒМАТУЛИН.