Нұрсұлтан Назарбаев: Астананы салуға қолдау білдірген барша қазақстандыққа алғыс айтты

06.07.2018 21:13

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананы салу күллі қазақстандықтардың еңбегі екендігін атап айтты.  

«Біз Қазақстанды, еңселі елорда - Астананы салдық. Бұл күллі қазақстандықтардың еңбегі. Бұл қазақстандықтардың болашаққа деген сенімі болды. Сондықтан да мен осы идеяны қолдаған барлығыңызға алғыс айтамын. Біз жаңа елордамызды сала алдық, енді оның 20 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Барлық астаналықтарға жақсылық пен береке-бірлік тілеймін», – деді Елбасы Ақорданың Instagram-дағы ресми парақшасында орналастырылған видеода.