Елбасы Тәжікстан Президентін «Парасат» орденімен марапаттады

Елбасы Тәжікстан Президентін «Парасат» орденімен марапаттады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Президентін «Парасат» орденімен марапаттады. Қазақстанға ресми сапармен келген Эмомали Рахмон Елбасы табыстаған бұл марапат - бүкіл тәжік халқына көрсетілген үлкен құрмет екенін айтты.  

«Тауар айналымының көлемі жөнінен Қазақстан Тәжікстанның жетекші экономикалық әріптестері арасында екінші орынға ие. Біз елдеріміздің кешенді әрі стратегиялық қарым-қатынастарын нығайтуға ниеттіміз», - деді Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали РАХМОН.

Ақордада өткен кездесуде қос ел арасындағы байланыстардың жоғарғы деңгейде дамып жатқаны айтылды. Нұрсұлтан Назарбаев тәжік халқына қай кезде де қол ұшын созуға даяр екенін жеткізді. Одан бөлек, Орталық Азиядағы қордаланған мәселелерді бірлесіп шешуге уағдаласты.   

«Біз сіздермен кез келген мәселені талқылап, шешуге дайынбыз. Сонымен қатар, көрші мемлекеттердің басшылары келе жатыр. Ертең біз үшін тағы бір мәрте кездесуге мүмкіндік туады. Биыл сіздерде су ресурстарын басқару жөніндегі конференция өтетінін білемін. Қазақстан бұл бастаманы қолдайды», - деді  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.



Новости партнеров